ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 35 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ ДЕМАЛАДЫ

Түркістан қаласында 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова брифингте мәлімдеді.

«Бағдарламаға сәйкес, «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде оқушылардың қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.  Бұдан бөлек, балалар жазушыларының кітаптар көрмесі,  «Drone Challenge» және «ROBO FEST» көрмесі қойылмақ. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан турнир, армрестлинг спортынан әлем чемпиондарымен шеберлік сағаты және «Аралдағы цирк» мерекелік қойылымын көрсету көзделген. Сондай-ақ, «Түркістан балалар көзімен» көркемсурет галереясы, 500 оқушыдан құралған «Dombyra party» флеш-мобы, «Айбын» әскери-патриоттық қозғалысы оқушыларынан құралған топ өнері көрермен назарына ұсынылады» — деді басқарма басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы

Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова жазғы лагерьлер жөнінде айта кетті. Биыл Түркістан облысында 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалатынын мәлімдеді.

Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерьлері қызмет көрсетпек. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *