ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕУРЕК ПЕН ҚЫЗЫЛ МИЯНЫ ЖҰЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Түркістан облысында кеурек пен қызыл мияны жұлуға тыйым салынды. Бұл туралы Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді.

«Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, былтыр «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң қабылданып, күшіне енген болатын. Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиілеген. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде табиғи популяциясының қалпына келуі үшін қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Енді оларды заңсыз қазғандарға шара көрілетін болады», – деді Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Амангелдіұлы.

Сонымен қатар, спикер 2024 жылы орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын сақтамаған 18 жеке тұлғаға жалпы көлемі 350,7 мың теңге айыппұл салынғандығын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *