ШАРДАРАЛЫҚ ҚОЛ КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

Жеңіс тұғырынан көрініп, облыс абыройын асқақтатқан білектілердің 14-і — ер азаматтар болса, 2-і бұрымдылар.

Ақмола облысы Щучинск қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар жиналып, жарыс өте тартысты өтті. Түркістан облысының «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары 16 алтын медаль алып,  командалық есепте І орынды иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрініп, облыс абыройын асқақтатқан білектілердің 14-і — ер азаматтар болса, 2-і бұрымдылар. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы Молдова елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *