САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында жалпы аудандық тазалық акциясы өтті.  Аталған тазалық шарасына аудан басшысымен бірге мемлекеттік қызметкерлермен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап күл қоқыстан тазартты.

«Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді», деді Арман Абдуллаев.

Сенбілікке қала және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекемелер қызметкерлері және ауыл тұрғындары ат салысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау,шөп ору, мекеме аулаларындағы ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық жанаршылықтан басталады», демекші, жалпы аудандық сенбіліктің мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Айта кетейік, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Оның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғыртуға баса мән беріледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *