ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН САЛУ ЖӘНЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде су құбырларын салу және реконструкциялау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, 9 облыста 29 жоба (Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, БҚО және СҚО) іске асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында 2 мың шақырым су құбырын реконструкциялау және салу жоспарланған. Нәтижесінде, 437 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, жалпы саны 92 мың тұрғыны бар 44 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады.

Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданы  Жылға ауылдық округінде су ұңғымаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудан әкімінің орынбасары М.Байғабұлов ауылдық округке арнайы барып, ауылдық округке қарасты Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендерінің су ұңғымаларының жағдайымен танысты.

Бақылау барысында су ұңғымаларына су құбырларының ескіріп, су деңгейі төмендегені анықталды. Себебі ұңғымылар 60 жылға жуық уақыт алдын бұрғыланған. Мән-жаймен танысқан аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта су ұңғымаларына ағымдағы жөндеуден жұмыстары жүргізілетіндігінін атап өтті.

Айта кетсек, Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендеріндегі су ұңғымаларын ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржылары қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп,жеңімпаз мердігер мекеме анықталған.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *