ТҮРКІСТАН: «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде  «Таза Қазақстан» экологиялық  науқаны басталған болатын.  Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» бастамасымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Түркістан облыстық  мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл Сауран» қызметкерлері, Шорнақ бастауыш партия ұйымының мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Игі шара Сайрам ауданында да өз жалғасын тапты.  Аудан әкімдігі, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы, аудандық мәслихаттың аппараты, аудандық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жастар Рухы» ЖҚ мүшелері, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы өткізілді.

Аталған тазалық шарасына бірқатар күл-қоқыс тазалайтын жүк көліктері жұмылдырылды. Барша сайрамдық азаматтар тазалық жұмысына қызу кірісті. Атап айтқанда, Ақсукент ауылдық округі, Қарабұлақ тас жолы, Астана даңғылы, көше бойларын және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 12 тонна қоқыс шығарылды. Қоқыс қалдықтарынан арылған аумаққа тұрғындар да қызығушылық танытып, қолғабыс жасады. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *