Санитарлық тазалық шарасын жүйелі жүргізу — қала шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» акциясы аясында «AMANAT» партиясының бастамасымен «Таза бейсенбі» акциясы бастау алған болатын.
Тазалық — денсаулық кепілі деген ізгі ниетті басшылыққа алған қаламыздағы «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған бастауыш партия ұйымдары өздеріне тиесілі учаскелерде тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Алайда, тазалық-тазалық жұмыстары жүргізілген жерде емес, тазалық шаралары сақталған жерде болатыны ақиқат.
Әрбір азамат тазалық әдебін бойына сіңіріп, әдетке айналдыруы тиіс. Бабаларымыз адам өмірінің зор байлығы денсаулық деп, ал денсаулықтың кепілі тазалық екенін айтып өткен.
Шаһарымыз шырайлы, әдемі әрі таза болуы үшін «Таза бейсенбі» акциясына баршамыз атсалысайық арыстықтар. Өз үйіңіздің ауласын таза ұстау – қоғамға келтірген сауапты іс!
Айта кетейік, “AMANAT”партиясы Түркістан қалалық филиал жанынан құрылған “Достық” бастауыш партия ұйымының, ұйымдастыруымен “ТАЗА БЕЙСЕНБІ”акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті. Тазалыққа студенттер және оқытушылар белсене қатысты.