ТАЗАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

2024 жылдың 12 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны басталатындығын мәлімдеді. Мемлекет басшысының бастамасын қолдап «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық науқаны аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын бастады.

«AMANAT» партиясының «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылдық округінде өткізілді. Оған аудандық мәслихат депутаты, ауылдық округі әкімі З.Маликов, Әлімтау бастауыш партия ұйымының төрағасы, жастар, студенттер, 30 аса партия мүшелері қатысты.  2 техника жұмылдырылып 5 тоннадан астам қоқыстар шығарылып көше бойлары шөп шалаңдардан тазартылды.

Акцияға Жетісай ауданы да тыс қалмай, атсалысты.  Бүгінгі акцияға «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қайназаров Асқар Нұртайұлы, аудандық мәслихат депутаты Байтилесов Нұрбол, «Қарақай» және «Денсаулық» БПҰ мүшелері, партия қызметкерлері белсене қатысты.

«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданында «Таза Бейсенбі» жобасы бойынша бастауыш партия ұйымдарының атсалысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Ал, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Бейсенбі» жобасы бойынша Ащысай бастауыш партия ұйымының атсалысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл акция ресми және бір реттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтіп тұрады. Бұл акция жаңа экологиялық ойлауды, халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын құруды, жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуын бастауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыруды және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуді қамтиды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *