АМАНАТ АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАН

Ел қорғаған ерлер қатарында жүрген қаншама арнайы мамандардың ішінде жауынгер жанына шипа болып, оның дені сау сапқа тұруы жолында еңбек етіп жүрген әскери дәрігерлердің орны бір бөлек. Адам жанын ажалдан арашалаған бұл жандардың қызметтері қоғаммен қатар әскерде деқашанда жоғары құрметке ие. Сондай жандардың бірі Ұлттық ұланның  6698 әскери бөлімінде қызмет атқарып келеді. Ол — майор Жарасбаева Ләззәт Сейлханқызы.

Ләззәт Сейлханқызы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы Қожа тоғай ауданында дүниеге келді. Отбасындағы барлық балалар секілді Ләззәт та 11 сыныпты аяқтап, жоғары білім алуға Шымкент қаласына келеді. 2003 жылы Шымкент қаласындағы медициналық академияның 1 курсына қабылданады. 2010 жылы дәрігер мамандығымен аяқтап шығады.  Бүгінде әскери бөлімдегі медицина қызметін басқарып отырған  майор Жарасбаева Ләззәт Сейілханқызының еңбек жолы сонау 2010 жылдарыеліміздің мұнайлы өлкесі Атырау өңірінде басталды. Қолына жаңа ғана дипломын алған жас дәрігер Ләззәтқа әскери салаға қызметке ұсыныс түскенде ойланбастан келісім берді.

Әскеріміздегі ең басты күшіміз жауынгерлеріміздің денсаулығына жауапты бұл жандар қызметті күнтүн демей атқарып келеді. Ләззәт әскер қатарына келген соң жас дәрігер, жас отбасы болса да, екі жақты міндетті атқаруға құлшына кірісті. Алғашында жедел мақсаттағы батальонның санитарлық нұсқаушысы лауазымына тағаындалған Ләззәт Сейлханқызы сол әскери бөлімде медициналық пункттің бастығы лауазымына дейінгі қызметтерді абыроймен атқарады. 2017 жылы қызмет бабымен Алматы қаласындағы 5571 әскери бөліміне ауысады.

«Денесі шымыр, қарны тоқ сарбаз – дені сау, қызметке дайын сарбаз. Бұл  жауынгерлік әзірліктің де жоғары деңгейде болуына басты себеп.  Сондықтан олардың қажетті мөлшерде, әрі құнарлы тамақ жеулерін қадағалау, жыл мезгілдерімен қатар жүретін әртүрлі вирустық аурулардың алдыналу жұмыстарын жүргізу маңызды. Біздің басты міндетіміз ата-анасы аманат етіп тапсырған жас жауынгердің денсаулығын сақтау», — дейді  Шымкент қаласы № 6698 әскери бөлімінің әскери дәрігер майор Жарасбаева Ләззәт Сейлханқызы.

Ләззәт әскери қызметте әскери дәрігер ғана емес, қаруды да қалт жібермей ататын мерген. Бөлім басқармасының әскери қызметшілері арасында білімі мен беделі биік офицер. Кез-келген оқу-тактикалық жаттығуларда алдына жан салмайтын бес аспап маман. Тәжірибелік біліктілігін үнемі шыңдаудан шаршамайтын әскери дәрігер, жылына 2 рет жасақталатын оқу пунктінде жас жауынгерлердің әскери қызметке бейімделіп кетуіне барын салып қызмет етіп келеді.

Отбасында ата-анаға да қамқорлығы мен мейірімін төгетін ақылды келін, адал жар. «Мен үшін отбасындағы татулық пен береке бәрінен қымбат. Туған өлкемізге оралғалы жолдасымныңата-анасымен бірге шаңырақта тұрып келеміз. Ол кісілерге үлкен алғысымды айтып жүремін. Мен қызметтен шаршап, қиналған кезде демеу болып, ұл-қызыма тәлімді тәрбие беріп келеді. Қызметтен қалт еткен демалыста олардың көңілін аулап, келіндік міндетімді атқаруға тырысамын. Жақсы келін, білікті маман, білімді офицер болуыма қолдау көрсеткен осы жандар болатын»,- дейді Ләззәт Сейлханқызы.

Елімізде маусым айының екінші демалысында тойланатын дәрігерлердің төл мерекесі қарсаңында бұл абзал жандарды біз де мерекемен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *