ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН СУҒАРУ БАСТАЛДЫ

Соңғы үш жылда аэрация әдісі Түркістандағы жасыл желектерді баптауда кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдіс сондай-ақ асфальт жолды ыстық күннен балқуынан сақтайды, ыстық ауаның көтерілуін басып, ауаны ылғалдандырады және жол бойында орналасқан жасыл желектердің суғарылуын қамтамасыз етеді.

Облыс орталығында жасыл желекті күтіп-баптауға бақылау күшейтілді. Қазіргі таңда әкімшілік-іскерлік орталығына бекітілген 3 арнайы көлік түнгі ауысымда жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жасыл-Түркістан» КММ және «Жарық-Тазалық» ЖШС үш ауысымға белгіленген кесте бойынша жұмыс атқаруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *