ХVII СЕССИЯ: МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен сессия отырысында 12 мәселе қаралды. Олардың ішінде 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мәслихаттың 2 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы, цифрландырудағы жобалар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер бар.

Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,7 %, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,0 % , бөлшек сауда көлемі 19,8 % , құрылыс жұмыстарының көлемі 13,2 % , шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 17,6 %-ға артқан.

Цифрландыру саласында да өзгерістер көп. Астана қаласы әкімдігінің тәжірибесі негізінде жергілікті атқарушы органдардың функцияларын тоқтаусыз автоматтандыру жоспарлануда. Ал мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында бүгінгі таңда қалада 58 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 16 жоба аяқталды.

Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда қабылданған оң шешімдерге тоқталып, мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.

Сессияда сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев, жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, төс белгісін табыстады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *