ӘКІМДЕР НЕ ҮШІН ЕСКЕРТУ АЛДЫ?

Ордабасы ауданында Азат Оралбаевтың төрағалығымен жиын өтті.  Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Аграрлы аймақтың ауылшарушылық  саласы  да шет қалмады.

Алғашқы болып аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова баяндама жасады. Индустриялық аймақтағы жобалар мен индикаторлық көрсеткіштер жайын сөз етті.  6 айда атқарылған жұмыстар жайын тізбелеп мәлімет берді. Сосын, мінбеге  Берік Алтынбеков көтерілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы  индикаторлардың орындалуы туралы есеп берді. Бүйдеді:

«Өңірде ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі даму жоспарының индикаторлық көрсеткішіне сәйкес, жылдың қорытындысымен 83,2 млрд.тг.жеткізу жоспарланған. Мәселен, қаңтар-сәуір айларында ауылшаруашылық өнімінің көлемі 12,3 млрд.тг.орындалған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  1,9 млрд.тг.артық. Ал, бес айдың қорытындысымен көрсеткішті 15,7 млрд.тг.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр», деді Берік Алтынбеков.

Аудан әкімі Азат Оралбаев  5 айдың қорытындысымен ауылшаруашылық  және тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестиция тартуда жұмыстың баяу екенін ескертті. Ескертіп қана қойған жоқ, ауыл әкімдері мен салалық бөлім басшыларына  бірқатар нақты тапсырмалар берді. Одан бөлек тамшылатып суғару жүйесін ендіру жоспарын орындауда салғырттық танытқан Бадам, Бөген ауылдарының әкімдеріне ескерту жасады.

Аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысына ауыл округтердің әкімдерімен бірлесіп жаңбырлатып суғарудың тиімділігі және аталған жүйені ендіруде мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер туралы шаруалармен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар ауылшаруашылық техникаларын жаңалау, мал, егін және құс шаруашылығының жоспарларын орындау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *