СОЗАҚТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Созақ ауданы бойынша жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары жұмыла кірісіп, аялдамаларды, ішкі көшелерді, «Біресек» каналы мен темір жол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса, Түркістан бағытына шығар жол бойындағы «Жасыл белдеу» аумағындағы тал көшеттері суарылды.

Жалпы сенбілікке 2450-ге тарта мекеме қызметкері, тұрғындар мен белсенді жастар және 15 арнайы техника жұмылдырылды. 38 шақырым көше бойлары мен 18 шақырым аяқжолдар ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигондарға 87 тонна қоқыс тасымалданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *