ТАЗАЛЫҚ ЕҢ ӘУЕЛІ АДАМНЫҢ САНА-СЕЗІМІНЕН БАСТАЛУҒА ТИІС

Биыл елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Бұл – жай науқан емес, бұл –халқымыздың көзқарасын, болмысын өзгерте алатын өте маңызды жоба. Ауқымды экологиялық бастамаға, әсіресе, жастар белсене атсалысты. Бұл да – жақсы үрдіс. Аз уақыт ішінде 2,5 миллионнан астам ағаш егілді, 200-ден астам өзен-көлдің жағасы тазартылды.  Бұл  бастама Шымкент қаласында жақсы дәстүрге айналып үлерді. Шымкент қаласындағы 5 ауданды сенбілік ұйымдастырылды.

Қаратау ауданында тазалық жұмыстары  күнделікті кестеге сәйкес атқарылуда. Бұл бағыттағы шаралар мердігер мекеме “Жасыл-Жер Шымкент” ЖШС тарапынан тұрақты жүргізілуде.  Бекітілген кестеге сәйкес тазалық қызметкерлері жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарын сыпырып, көгалдарға күтім жасайды, қоқыс жәшіктерінің таза, бос болуын қадағалап, жасыл желектерді суарады. Сондай-ақ, биіктігі 15 см-ден асатын шөптерді шабу, ағаштарды санитарлық кесу, жасыл желектерді құрғақ минералды тыңайтқыштармен қоректендіру, талдардың түптерін ақтау жұмыстары атқарылады. Тазалық жұмыстарына 150-ден астам жұмысшы, 15 техника жұмылдырылуда.

Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Еламан» шағынауданында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікте Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Еңбекші» КММ, «Группа Интеко» ЖШС қызметкерлері аталған шағынаудандағы санитарлық тазалық, жол жиегін сыпыру және шөп ору жұмыстарын жүргізілді.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен, жастар мен шәкірттерден құралған «JASYL EL» жастар жасағымен бірлесе, аудан аумағындағы «Қошқар ата» өзенінің жағасында сенбілік іс шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс шарада ағаштарды қырқу, әктеу, шөптерді ору, өзен мен аумағын тазалау жұмыстары атқарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 10 техника, 300-ден астам адам жұмылдырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *