ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласына қарасты Талас, Өзкент көшелерінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Аудан әкімі  Арман Абдуллаев  қала тұрғындарын тарихи күнімен құттықтап, қуанышымен бөлісті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біздің стратегиялық мақсатымыз белгілі, міндеттеріміз айқын. Басты міндетіміз – халықтың жағдайын көтеріп, олардың келешекке деген сенімдерін арттыру. Қуанышты сәтте қауышып тұрмыз. Қаладағы екі көшенің үйлеріне көгілдір отын қосылды. Бұл халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сіздерді осы қуаныштарыңызбен құттықтаймын –деді Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев .

Тұрғындар аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жалпы, Талас, Өзкент көшелерінің табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары биыл қаңтар айында басталып, маусым айында аяқталды. Нәтижесінде, 86 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды.

Айта кетейік, Түркістан облысында былтыр 111 мыңнан астам халық газбен қамтылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Одан бөлек, соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған нысандарды қосу бойынша жұмыстар қарқын алды. Халық санымен есептегенде, 1 млн 650 мыңға жуық халық не облыс тұрғындарының 77,8 пайызы табиғи газбен қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *