ТҮЛКІБАС-АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖЕР

Түлкібастың құнарлы топырағында өсетін алмасы алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналды. Қырғызстан, Өзбекстан пен Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие. Түркістан өңіріндегі алманың отаны саналатын Түлкібас ауданында қарапайым тұрғындар тарапынан алма бау егуге қызығушылық танытқандар қатары артып келеді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапармен барды. Шақпақ ауылдық округіндегі «Кен-Тау» ЖШС арнайы ат басын бұрды.

«Кен-Тау» ЖШС 12 жылдан бері қарқынды алма бау өсірумен айналысып келеді. Кәсіпкер мемлекеттік қолдаудан кенде қалған емес. Серіктестік 240 гектарға қарқынды бау отырғызған. Жыл сайын 4-6 мың тонна көлемінде өнім жинайтын көрінеді.

Бүгінде «Кен-Тау» ЖШС-гі  Израильден алынған су үнемдеу технологиясын пайдаланып, 30 гектар жерге қарқынды алма бау отырғызуда.

«Кен-Тау» ЖШС-нің 2200 тонна алма сақтайтын қоймасы бар. Кәсіпкер қыс мезгілінде алмаға сұраныстың жыл санап артуына байланысты, алдағы уақытта қосымша 2 тоннадан астам алма сақтайтын салқындатқышы бар қойма салуды жоспарлап, қыс мезгілінде 4400 тоннаға дейін экологиялық таза Түлкібас алмасын сауда қатарларына жеткізуді көздеп отыр.

Жалпы Түлкібас ауданында алма бау көлемі 3 мың гектарды құраса, соның ішінде 7 жүз гектардан астамын қарқынды бау алқабы алып жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын барынша пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында 55 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген қарқынды алма бау отырғызылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *