Сауран «аудан» статусына ие болғаннан бастап инвестициялық әлеуеті көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Ауданның ауыл шаруашылығы саласының аяқ алысы тәуір.
Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында 41 жоба бар. Сy ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 1051 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару құрал-жабдығын орнату бойынша 5 жоба жоспарланып, орнатылған. Соның бірі -«Дильназ» шаруашылығы.
Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде «Дильназ» шаруашылығы жылыжайда гүл өсірумен айналысады. Кәсіпкер Дильназ Омарова жылыжайда жыл 12 ай түрлі үй және көше өсімдіктерін өсіреді. Гүлді суаруда суды үнемдеу мақсатында заманауи технологияларды қолданады. Кәсіпкер роза, хризонтема, лотус, пиотония, және шырша, жеміс ағаштарын күтіп-баптайлы. Сонымен қатар, бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер өндіруді қолға алған. Сирек өсіретін гүлдерді Қытай, Голландия елдерінен тапсырыспен алдырады.
Жайқалған гүлдерге сұраныс аз емес. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметін де жүйелеп қойған. Өзі де кәсіп ашып, өзгеге де жұмыс ұсынып отыр