«Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облыстық филиалы өз теңгеріміндегі 4р-3 каналын механикалық тазалаудан өткізді. Шардара өндірістік бөлімшесі аумағындағы ішкі шаруашылықаралық 4р-3 каналынның жалпы ұзындығы 700 метр. Бүгінде 660 м3 жеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Шардара ауданы, Алатау батыр ауыл округіндегі 4р-3-3 каналына ПК-0+00-ПК-33+00 нүктелері аралығында экскаватор техникасымен 3300 метр, 1900 м3 механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облыстық филиалына қарасты Мақтаарал өндірістік бөлімше аумағындағы К-13-5 каналы көпірлер мен тоспалардың алды артын мусорларын тазалау жұмыстары атқарылып жатыр.
Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы ауданы 315 мың га суармалы жерлер мен республикалық маңызы бар объектілерді сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланумен айналысады. Түркістан облысының аумағында барлығы 44 су қоймасы бар, оның ішінде 18-і «Қазсушар» РМК балансында, 11 су жинау гидроторабы, 99 магистральдық канал, 1699 шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арналар, 408 ұзындығы 3095,12 км коллекторлық-дренаждық желі, және 1139 бірлік тік дренаж ұңғымасы бар.