ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСА КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкентте  4500-ге жуық көше бар. Қала бойынша орталық 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған.

Биыл аудан әкімдіктерінің ұсынысымен қажетті 1048 көшеге жарықшамдарын орнату жұмыстары жоспарланған. Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жарықтандыруға басымдық берілуде.  Бүгінде Әл-Фараби және Тұран аудандары аумағындағы 60 көшеге бағаналар орнатылды.

Жылдан жылға халық саны артып келе жатқан «Шымкент сити» шағын ауданында қазір 10 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда 3412 пәтерден тұратын 55 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.

Бүгінгі күні «Шымкент сити» шағын ауданының басты жеті көшесінің алтауы толық жарықтандырылды. Олардың ішінде Түркия, Қ.Жалаири, Алатау және атауы жоқ №1,2,3 көшелері бар. Шілде айының соңына дейін Абылай хан көшесінде де жарықтандыру жүйелері жүргізіледі.

Жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қиылыстарда зияткерлік көлік жүйесіне (ITS) қосылатын 12 бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда. ITS жүйесіне қосылу көлік кептелістерін болдырмайды, өйткені Өтегенов көшесі ашылғаннан кейін көліктер «Асар», «Асар-2» және «Ақжайық» шағынаудандарына «Шымкент сити» көшелерімен өтетін болады.

Осыған дейін бағдаршамдар төрт қиылыста орнатылған болатын және қазіргі уақытта тағы 4 бағдаршам нысанына электр энергиясын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Қалған бағдаршамдарды орнату бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта» Шымкент Ситиде» аула аумақтарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқталады.

Жалпы, Шымкент қаласында 2021 жылы 107, 2022 жылы 105 ал, 2023 жылы 90 көше жарықтандырылған болатын. Қазір жарықтандыру жұмыстары ішкі орам көшелерде басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *