ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ТИЯНЫҚТЫ ОРЫНДАЛУДА

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында суармалы алқаптарға су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ілкімді естер мен баянды бастамалар жетерлік.  Атап айтқанда, Қазығұрт ауданында 13 шаруа 366,57 гектар жерге су үнемдеу технологияларын іске  қосты. Оның ішінде, 126,57  гектар тамшылатып суару бойынша,  240 гектар жаңбырлатып суару тәсілін  енгізді. 2024 жылға су үнемдеу технологиясын ендіру 400 гектар деп межеленіп отыр.

Бұл- Қызылқия ауыл округінде орналасқан «Қараша Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Балтаев Жандос төрағалық ететін серіктестік жаңбырлатып суғару әдісін жақсы меңгерген. Бұл шаруашылық 6 бірлік италиялық барабанды құрылғыларын іске қосып жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов «Қараша Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барып, су үнемдеу технологияларын пайдалану барысын көрді. Жаңадан алынған құрылғыларының жұмысын бақылап, оң бағасын берді. Сондай-ақ, бұл жүйені дамытуды қолға алып, аудандағы басқа да шаруалардың қолдануына әрекет етуді тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» тапсырмасын айтып өткен болатын. Түркістан облысында ілгерілеу жолында ілкімді істер көп. Өңірде Президент тапсырмасы тиянықты орындалуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *