ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиында  жылу маусымына дайындық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы да шет қалмады.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов жылу маусымына дайындық жұмыстарын баяндады. Бүгінде бөлек орналасқан 26 жылу қазандығының 13-і және орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы қыс мезгіліне дайын.  Қалған 7 нысанда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

«Әзірлік шаралары қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйде, 469 бюджеттік мекемеде жүргізіліп жатыр»,-деді Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов.

Қала әкімі сала және аудан басшыларына жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарып, 1-қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамту үшін өзекті мәселелерді ашық жеткізіп, дер кезінде шешім қабылдауды ескертті.

Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының м.а. А. Жұмақұлова мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша баяндама жасады. Қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына азаматтармен кері байланысты күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын сапалы, шұғыл, жүйелі жүргізуді қадағалауды тапсырды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А. Даткаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шараларын қорытындылады.

Қала әкімі аппараты және қала әкімдігіне қарасты аудан әкімі аппараттары мен басқармалары тарапынан 172 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қала басшысы жауаптыларға құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, халыққа адал қызмет көрсетуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *