“ҚАЗСУШАР” РМК ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫ ТЕҢГЕРІМІНДЕГІ К-13-3-22 КАНАЛЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУДАН ӨТКІЗІЛДІ

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысында суару маусымында Өзбекстаннан «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 922 млн текше метр су жіберу туралы келіскен болатын. Осының нәтижесінде биыл мемлекетаралық каналдың қазақстандық бөлігіне тұрақты түрде су келіп жатыр.

Суару кезеңі басталғалы Өзбекстаннан Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су келді. Бұл Түркістан облысының шаруаларын суармалы сумен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Канал бойында жыл бойы қызу жұмыс жүруде.  Наурыз-қыркүйек аралығында шаруаларға суармалы су берілсе, одан кейін келесі жылғы суару маусымына кешенді дайындық басталады.

Сонымен қатар “Қазсушар” РМК Түркістан филиалы өз теңгеріміндегі К-13-3-22 каналын  механикалық тазалаудан өткізді.

Мақтаарал өндірістік бөлімшесіне қарасты К-13-3-22 каналы тазалау жұмыстарына, филиал тарапынан арнайы техникалар жіберілген.

“Қазсушар” РМК Түркістан филиалы тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен механикалық тазалау шаралары, филиал директоры Қазыбек Бедебаевтың тікелей бақылауында тұр. Жүйелі жұмыстар  жалғасуда.

Бүгінде мемлекетаралық «Достық» каналы  арқылы Өзбекстаннан елімізге су келіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *