«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясына орай сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасында Сауран қалашығының маңы күл-қоқыстан тазартылып, арам-шөптер орылды. Сенбілікке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және арнайы БАҚ өкілдері, 150-ге жуық адам қатысты. 

Шығармашылық топ өкілдері 1-10 тамыз аралығында Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырай облыстарына сапарға шығып, елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау арқылы өңірлердегі тарихи-мәдени, туризм бағытындағы көрікті орындардың тазалығына атсалысады. Аталған игі шараға  мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» ТРК бас директоры Дулат Әбіштің айтуынша, 14 адамнан құралған делегацияда  өңірдің жергілікті журналистері бар.

Облыс әкімінің орынбасары барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Игі бастаманы қолға алған БАҚ өкілдеріне ризашылығын айтып, сәтті сапар тіледі. Сондай-ақ, Сауран қалашығының ішкі бөлігін тазалау барысында облыс әкімінің орынбасары тарихи нысанды қалпында ұстап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті.  

Айта кетейік, елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акция басталғалы  Түркістан облысында  ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *