ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ТҰТЫНУ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Түркістан облысында сұйытылған мұнай газ таратушы 40 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жалпы өңірдегі автогаз құю станцияларының саны – 301. Ал газбен жүретін көліктер саны – 56 352. Облыста сұйытылған мұнай газымен жүретін автокөліктер саны күнделікті артуына және облыс аумағынан шетелдік көліктердің көп өтуіне байланысты автогазға деген қажеттілігі артқан. Бұл жайында Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков брифингте мәлімдеді.

«Жалпы облыста сұйытылған мұнай газдың ай сайынғы қажеттілігі – 15 000 тонна, ал тәуліктік тұтыну көлемі – 450-500 тоннаны құрайды. Алайда, 2024 жылдың басынан осы уақытқа дейін қажетті көлем ҚР Энергетика министрлігі тарапынан бөлінбеді. 2024 жылдың ІІІ тоқсанына ҚР Энергетика министрлігі 3 айға 33 012 тонна сұйытылған мұнай газ көлемін бөлді. 2024 жылдың шілде айына қосымша көлеммен бірге 13 248 тонна жеткізілді. Қалған 10 980 тонна (306 вагон) кезең-кезеңімен келмек. Қазіргі таңда облыста газ таратуды заңсыз шектеу бойынша аудан-қала әкімдіктерінен құрылған жұмысшы топ автогаз бекеттерін тексеру жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Оған қоса, облысқа бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін басқа облысқа шығармау мәселесі бойынша ішкі істер департаменті полициясымен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Руслан Орынбекұлы.

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы №233 бұйрығына сәйкес, облыста сұйытылған мұнай газының бағасы – 1 литр үшін 70-75 теңге болып бекітілген. Қазіргі таңда облыстағы автогаз құю бекеттерінде газ тапшылығын болдырмау -облыстық әкімдіктің күнделікті бақылауында.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *