ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАР ӘР ГЕКТАРДАН 90 ТОННА ПИЯЗ АЛЫП ЖАТЫР

Шардаралық диқан, «Тұрар» шаруақожалығының иесі Ан Юрий Владимирович өзінің 33 гектар пияз алқабының 5 гектарынан алғашқы 400 тоннадан астам өнімін сатылымға шығарды.

Шардара аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов пияз алқабына арнайы барып, жұмыстың барысымен танысты. Оның егістік алқабында сегіз түрлі пияз тұқымдары өсіріледі. 33 гектар пияз алқабының барлығы тамшылату әдісімен суландырылады.

«Бұл тамшылату әдісімен 1 сағатта 1 метр жерге 1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетіп ысырап болады. Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясы – өнімнің молдығына да әсер етеді»,- дейді «Тұрар» шаруақожалығының иесі Ан Юрий.

Бүгінде «Тұрар» шаруақожалығы  егістік маусымында  жергілікті 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер күзге дейін пияз алқабынан 3000 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр.

Пияз өнімінің негізгісі Ресей,Беларус елдеріне экспортталмақшы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *