Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында тазалық жұмыстарын жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Шаһардағы 5 ауданда сенбілік ұйымдастырылды.
Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Нұртас шағынауданындағы «Даналық» көшесінде жүргізілген тазалық жұмыстарына 200 адам қатысты. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды. Көгалдар қырқылып, жасыл желек қалпына келтірілді.
Тазалық акциясына қалалық “Amanat” партиясы қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.
Санитарлық шараларға 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көлемі 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
АБАЙ АУДАНЫНДА ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ТАЗАРТЫЛДЫ
Абай ауданы аумағында 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы,
Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аудан аумағында орналасқан жерасты өткелдері тазартылды.
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағындағы Текесу елді мекенінде санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шарада шөптерді ору, ағаштарды қырқу, иригациялық жүйелер мен көшелерді тазалау, сыпыру, ойын алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 15 арнайы техника, 180-ге жуық адам жұмылдырылып, 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласындағы 5 аудан аумағында 5 негізгі бағыт бойынша 100-ге жуық тазалық жұмыстары (сенбіліктер) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады,-дейді жергілікті атқамінерлер.