БИЫЛ ҚҰНЫ 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 62 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістан облысына 2024 жылдың 6 айында  420,8 млрд теңге инвестиция тартылған.  Өңірге тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,8%-ға өскен.  Ал, жалпы 2024 жылы сомасы  151,9 млрд. теңгені құрайтын  62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.  Бұйырса 2 406 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жайында бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәлімдеді.

«Өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе өткен жылы шет елдерге іс-сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде облыс экономикасына шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталатын болды. Ірі жобалардың қатарында тоқыма кластерін құру бойынша «Лихуа Групп» компаниясы бар. Аталған компания облыста құбыр және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт, 2 мақта өңдеу зауытын, жіп иіру, бояу және әрлеу фабрикасын, тігін фабрикасы сияқты инвестициялық жобаларды іске қосуды жоспарлауда. Биыл Қытай, Түркия және Корея елдеріне іс-сапарлар ұйымдастырылды. Сапар аясында облыстық делегация маңызды жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді», — деді Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов.

Қазіргі уақытта облыста жер көлемі 1 003,2 гектарды құрайтын 13 индустриалды аймақ және 580 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аумақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл қосымша 30 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *