ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА АЛҚАПТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тазалық жұмыстарына 28 мекеме қызметкерлері мен екі арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы бойынша»Созақ орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері Созақ, Шолаққорған және Мойынқұм алқаптарының орманшылық бекеттерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Шара барысында өрт маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін басты назарға алып, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны заттары сынды тұрмыстық қалдықтарды тазартты.

Тазалық жұмыстарына 28 мекеме қызметкерлері мен екі арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.

Аудан аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары үрдіске айналуда. Әр күні бөлім, мекеме қызметкерлері тазалықты жанына серік етіп, “Таза Қазақстан” шарасына белсене атсалысуда.

Бұған қоса, жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар да қоршаған ортаның тазалығына аса жауапкершілікпен қарап, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары барысында әлеуметтік нысандардың ауласы мен әр мекеме өздеріне белгіленген сектор аумағын абаттандырып, негізсіз өскен арам шөптер оталды. Аяқ жолдар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *