Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – қаһармандық пен қайсарлықтың үлгісі, тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың даңқты ерлігі арқасында қол жеткізген бүгінгі бейбіт өміріміз үшін алғысымызды білдіреміз! Ерлік көрсеткен аға буынның батылдығы – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі.

Осы орайда, баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және мол бақыт тілеймін.

Жеңіс күні құтты болсын!

Нұралы Әбішов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *