Тамыз кеңесі: Шымкенттегі №90 мектеп-гимназиясы «Үздік ұйым – 2026» атанды

Шымкентте педагогтердің қалалық Тамыз кеңесі өтті.  Жиында білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды. Алғаш рет ұйымдастырылған «Орта білім беретін үздік ұйым – 2026» қалалық конкурсының жеңімпазы анықталып, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына 68 млн теңге көлемінде грант табысталды.

Биылғы Тамыз конференциясы «Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды. Жиын барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және цифрландыру бағытындағы жұмыстар сөз болды.

 

Конференция аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Орта білім беретін үздік ұйым – 2026» қалалық конкурсының қорытындысы жарияланды. Байқау нәтижесінде №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы жеңімпаз атанды.

Білім ордасына берілген 68 млн теңге көлеміндегі грантты мектеп директоры Арман Шымбайұлына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.

№90 мектеп-гимназиясының жеңісі білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі ретінде бағаланды. Мектеп ұжымының кәсіби ізденісімен қатар, оқушылардың білім, ғылым және шығармашылық бағыттарындағы жетістіктері де байқау қорытындысында ескерілді.

Бұл жетістік – №90 мектеп-гимназиясы ұжымының жүйелі жұмысының, педагогтердің кәсіби біліктілігі мен ізденісінің, сондай-ақ оқушылардың білім, ғылым және шығармашылық бағыттарындағы нәтижелі еңбегінің өзара сабақтастығының нәтижесі.

Грант мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, білім сапасын арттыруға және дарынды оқушылардың әлеуетін дамытуға бағытталмақ.

Тамыз конференциясында Шымкент қаласының білім беру саласындағы жаңа жобалары мен цифрландыру бағытындағы бастамалар да таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *