Елімізде тағы 5 сырқат коронавирустан қайтыс болды. Жалпы көз жұмғандар саны — 105 ке жетті. Республика бойынша коронавирус белгісімен тағы 474 адам тіркелді. ауруға шалдыққандар саны 16 351 адамға жетті, деп хабарлады coronavirus 2020.kz сайты. Өсім 3 пайызды құраған.
Қазақстандағы 2020 жылғы 18 маусымдағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тоқталсақ Түркістан облысында — 32 адам тіркелген. Бұл 6,6% пайыз. Шымкент қаласында – 37 вирус жұқтырған науқас анықталған. Ол 3,1% процент. Елімізде жалпы 1039 адам дертті жеңіп, жазылып шыққан. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия дерегі бойынша ауру белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген адамдар саны жеті мыңға жуықтаған.