Шымкенттік 90 отбасыға пәтер кілті табысталды. Олардың 65-і көпбалалы жанұя, 24-і әлеуеті әлсіз топқа жататындар, ал біреуі Ұлы Отан Соғысының ардагері. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады.
Айтып өтейік, жыл соңына дейін тағы 1144 тұрғынға пәтер кілті табысталады деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жұмыс істеп жүрген жастарға, 450 пәтер көпбалалы отбасыға, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған жанұяға беріледі.