ШАРДАРА АУДАНЫНДА 12 БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысы​ әкімі​ Ө.Шөкеевтің​ бастамасымен қолға алынып, іске асырылған көмекке мұқтаж жандарға демеу болған​ «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданы әкімі Қ.Жолдыбайдың​ ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілік жасайтын ерікті азаматтар күнкөрісі төмен көпбалалы отбасыларды және жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі азаматтарды​ баспанамен қамтуды қолға алған болатын. Жалпы 2020 жылда 9 баспана беру жоспарланғанды. Алайда бүгінгі таңда жоспар артығымен орындалып, 12 баспана берілді.

Жыл соңына дейін​ тағы да 3​ тұрғын үй табыстауға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, Шардара​ ауданында мемлекет тарапынан 4 қабатты, 40 пәтерлі​ 2 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуда. Яғни, жыл соңына дейін​ үй кезегінде тұрған​ 80 отбасы баспаналы болады.
Бүгінгі таңда, Шардара ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген​ 1713 отбасы болса, оның ішінде баспанасы жоқ​ тұрғын үйге​ мұқтаж​ 12 тұрмысы төмен​ көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасылар баспанамен​ қамтамасыз етілді.

ҮЙ БЕРІЛГЕН 12 ОТБАСЫЛАР ТІЗІМІ:

1​ ​ Шардара қаласы (Абдраманова Дүйсенкүл, 6 баланың анасы) Жалғыз басты, Жұмыссыз, бала күтімінде
2 Шардара қаласы ,Өтеғұл елді мекені (Суевова Регина Лұқманқызы, 8 баланың анасы) Көпбалалы ана Күйеуі өзін-өзі жұмыспен қамтылған, өзі бала күтімінде
3 Шардара қаласы, Байғазиева Гүлжан,6 баланың анасы)Көпбалалы ана, өзі 2 топ мүгедек Бала күтімінде
4 Шардара қаласы, Жаңа құрылыс елді-мекені(Төлебаева Раушан) әлеуметтік аз қамтылған

5 Шардара қаласы (Айқожаев Ерсұлтан, 3 балалы ІІІ-топ мүгедек)Аз қамтамасыз етілген отбасы, Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған
6Шардара қаласы(Манабаева Қарлығаш, 7 баласы бар)Көпбалалы ана , Бала күтімінде

7 Шардара қаласы, (Нысанбаев Данияр І-топ мүгедек) Аз қамтамасыз етілген отбасы
8 Шардара қаласы, (Джамалова Гүлбаһар Әбдіхалыққызы10 баланың анасы)
9 Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылы (Нәлтәева Бақтыкүл 6 баласы бар)Аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасы, Шопан, жұбайы бала күтімінде
10 Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Қ.Тұрысбеков а/о Абай көшесі(Г.Талипова​ 6 бала-шағасы бар) Жалғыз басты, көп балалы ана Зейнеткер
11 Шардара ауданы, Қоссейіт ауылыЕшболатова​ Нұргүл.4 бала-шағасы бар. Жалғыз басты, көп балалы ана ,Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған
12 Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы(Гүлжаухар 1989 жылғы 3 қызы бар) Жалғыз басты ана,Бала күтімінде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *