ЖОЛДЫҢ ЕНІН КЕҢЕЙТУГЕ БОЛМАС ПА ЕДІ?

Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті жанындағы «Адалдық алаңы» жобасының өкілдері Жол активтерінің ұлттық сапа орталыңы РМК Шымкент қалалық филиалының  жолды тексеру шараларын жүргізді. Жұмысшы топ Шымкент қаласындағы  Исатай Тайманов көшесінде болып сынамалар алды.

Шымкентте ел арасында «Чапаевка» атанып кеткен «Оңтүстік» шағынауданындағы Исатай Тайманов көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталғаннан бері тұрғындардан маза қашқан. Жолымыз тар болып қалады деп әлеуметтік желілерде байбалам салған тұрғындар тиісті органдарға шағымдарын да жеткізген.

Тұрғындар «Біздің көшемізде жол жөнделіп жатыр, тар көшемізден екі жолақпен жүк көліктері әрең жүреді. Жолдың енін кеңейтуге болмас па еді? Қараусыз қалған учаскелерді афсальттеп берсе, барлығына жайлы болар еді» дейді.

Бақытжан Жұманазаров, жоба жетекшісі:

«Жолдың ені 6,02 метр болатын. Құрылыс басталмай жатып  тұрғындар әр жерге шағымдана бастады. Көшенің ені әр жерде әр түрлі. Мына жерді жаңа ғана өлшедік,  8 метр, кейбір жерлерде 10 метр де болады. Біз жобалық-сметалық құжаттан ауытқи алмаймыз».

Тұрғындардың шағымы бойынша Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті жанындағы «Адалдық алаңы» жобасының өкілдері жол зертханасының мамандарымен бірге тексеру шараларын жүргізді. Көшенің ені мен жолдың жоғарғы қабатының қалыңдығы анықталды.

Қайрат Шакиров, жол  зертханасының меңгерушісі: 

«Асфальт төселген жолдың  сапасын, құрамын анықтау мақсатында төрт жерден сынама алдық. Олардың нәтижесін тапсырыс беруші- жолаушылар тасымалы және автомобильь жолдары басқармасына және техникалық қадағалау мекемесіне жібереміз. Сондай -ақ, тексеру барысында темірбетон, бетонды  лотоктардың беріктігіне қатысты сын айтылды. Бұл кемшіліктерді  жою бойынша мердігерге мерзім берілді».

Ал жол қабатының қалыңдығы бойынша сынақ нәтижесі он күнде белгілі болады. Мамырдың 24-іне бастау алған құрылыс барысында жиек тастар, ирригациялық жүйелер жаңаланып, жолдың жоғарғы қабаты сырылып, асфальт төселе бастаған. Жобалық-сметалық құны 128 млн. теңгені құраған нысан осы айдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *