ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Партияішілік праймеризге қатысушыларды тіркеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 35 үміткер тіркеліп үлгерген.  Олардың 19-ы ер азамат болса, 12-сі нәзік  жандылар.  Бір қуаныштысы  үміткерлердің   9-ы 35 жасқа дейінгі жастар екен. Бұл туралы «Nur Otan»  партиясы шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов  брифингте мәлімдеді.

  Праймеризге қатысушы үміткерлерге күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Оларға шараның мақсаты мен талаптары түсіндірілді. Іріктеуге  жасы 20-дан асқан, бұрын сотты болмаған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы  қатыса алады. Сондай-ақ, сайлауға  партия мүшелері ғана емес, кез-келген азамат қатыса алады. Айта кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізу,сондай-ақ кандидаттарға ұйымдастырушылық жəне құқықтық қолдау көрсету мəселелері бойынша арнайы желілерді  іске қосқан болатын. Соңғы 2 айдың өзінде аталған желіге 15 мыңға жуық қоңырау түскен. Соның ішінде, праймеризге қатысуға өтініш білдіргендердің жартысынан көбі 30 бен 44 жас аралығындағы азаматтар. Сондай-ақ праймеризге қатысу үшін өтінішті primaries.kz сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *