Кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық. 17 тамыздан бастап кәсіпкерлік субъектілер қызметін кезең кезеңімен жаңғырту және карантиндік шектеулерді жеңілдету жоспарлануда.
Айта кетейік, елімізде енгізілген карантинге байланысты біршама кәсіпкерлерлік нысандарға шектеу қойылған болатын. ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет. Кәсіпкерлер арасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz сайты аясында санитарлық талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар. Айта кетейік, ресурс қызметін бір мезгілде 150 000 тұтынушы пайдалана алады. Ал сұрақтарды біріңғай байланыс орталығы 1432 нөміріне хабарласып қоюға болады.