60-МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топ 60-мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Бүгінде медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын азаматтардың үйлеріне жеткізіп беруде. Бұл туралы ақпараттық-комуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау  басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Темірхан Варзилов баяндады.

 Темірхан Варзиловтың айтуынша, қаладағы медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектің 2-айлық қоры бар. Яғни қажетті медицицналық дәрумендер    жеткілікті. Атап айтсақ, 120 600 қорапта ыстықты түсіретін және 175 000 қорапта вирусқа қарсы препараттар бар екен.

Жалпы Шымкент қаласында 2020 жылғы 24-ші наурыз бен 16-шы тамыз аралығында инфекцияның 5150 жағдайы тіркелген. Короновирус инфекциясының 4 жағдайы тіркеліп, өсім 0,1 пайызды құрап отыр. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *