Шымкенттік полицейлер тұрғындарға арнайы «Есірткіге жол жоқ!» жазуы бар үш мың дана бетперде таратты.
Бұл шара ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Басты мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында тәртіп сақшылар мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері халық көп жиналатын қоғамдық орындарда, соның ішінде Әл-Фараби алаңы, Арбат және “Шымкент Плаза” ойын-сауық орталығының алдында, қаланың негізгі көшелерінде тұрғындарға арнайы үш мың дана бетперде таратты. Қала тұрғындары полицейлердің бұл бастамасын оң көзқараспен қабылдап, алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табады.