Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына 3 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді. Емдеу мекемесінің жансақтау бөліміне қойылған бұл құрылғылардың әрқайсысының құны 15 млн. теңгеден асады. Игі бастамаға «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорны мұрындық болып отыр.
Аталған компания атынан берілген бір аппараттың құны-15 млн 200 мың теңге. Бұл медициналық аппараттар пневмония және коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар. Медициналық ұйымға тарту етілген ИВЛ аппараттарын кәсіпкер Оңтүстік Кореядан арнайы тапсырыспен алдырыпты.