Бүгінде Шымкент қаласында бүгінде 70 754 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны – 52 364, заңды тұлғалар — 15 165, шаруақожалықтар саны 3 225-ті құрайды.
Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, бұл көрсеткішті былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға артқан. Олар 169,2 млрд.теңгенің өнімін өндірген.
Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікте 153 мың адам жұмыспен қамтылды. Ал жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 31,2 пайызға өскен. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 7,8 пайызға артып отыр.
Айта кету керек, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.