7 АЙДЫҢ ІШІНДЕ 147 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАҒАН

Жыл басынан бері еңбек инспекциясына 650 азамат арызын арқалап келген. Олардың шағымдарын қараған құзырлы орын 7 айдың ішінде 104 рет тексеру жүргізіп, нәтижесінде 147 заң бұзушылықты анықтаған. Оның 113-і өз шешімін тапты,- дейді Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов. Ол БАҚ өкілдеріне берген баспасөз мәслихатында  еңбек заңнамаларына енгізлген өзгерістер төңірегінде  баяндады. 

 «Жалақымды ала-алмай жүрмін, әлеуметтік жәрдемақы төленбей жатыр, еңбек шарттары бұзылды»  деп 7 айдың ішінде 650 азамат еңбек инспекциясына шағымданған. Олардың басым бөлігі білім саласындағы былықтарға байланысты. Күзет агенттіктерінің де басынан дау арылар емес. Ал, құрылыста еңбек етен 38 жұмысшыға  6 кәсіпорын  3 млн 800 мың теңге берешек екен.

Ал,Жыл басынан бері өндірісте 24 жазатайым жағдай тіркеліп, салдарынан 26 адам зардап шеккен. Оның 7-еуі ауыр жағдайға тап болса, 3 отбасы қара жамылып қалды. Қайғылы оқиға құрылыс, коммуналдық шаруашылық және тамақ өнеркәсібінде болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *