405 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

 Шымкентте «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізілді. Тексеру барысында өңірде бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып,  тұрғындарға айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап республика көлемінде жедел-профилактикалық іс-шаралар өтуде. Осы бойынша Шымкент қалалық Полиция департаменті мен Экология департаментімен бірлесе отырып «Бадам» және «Тоғыс» су қоймасына тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, карантин талаптарын сақтамаған тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып,  айыппұл салынды. Бұдан бөлек демалушыларға күл-қоқыс тастамау керектігі түсіндірілді. Тәртіп сақшыларының  айтуынша рейд басталғалы бері  барлығы 405 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Бұл ұйымдастырылып отырған акцияның мақсаты — экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу,-дейді мамандар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *