ЖАСЫРЫН ЦЕХ ИЕСІ СОТТАЛДЫ

Шымкентте жасырын цех ашып, алкоголь өнімдерін шығарған азамат істі болды. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегін анықтаған. 

 Жасырын цехті тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы табылған еді.  Еңбекші ауданы сотының үкімімен  Шымкент қаласының тұрғыны ҚР ҚК 214 бабы 1 б және 233 бабының 2 бабына сәйкес  кінәлі деп танылып, алынған заттар тәркіленіп, айыппұл салынған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *