Шымкент көшелерінде құрылыс жұмыстары қарқынды. Жоспар бойынша биыл 256 көшенің жолы жөнделеді. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтуде. Статистика бойынша, былтыр орташа жөндеу бойынша қалада 68 шақырым жол жөнделген. Биыл бұл көрсеткіш 5 есе көп.
Қазір Шымкентте 400 шақырымдай жолда құрылыс жүріп жатыр. Биыл соның 315 шақырымы пайдалануға беріледі. Соның 75 шақырымы магистарльды көшелер.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жол инфрақұрылымын жақсартады деген сенім бар. Жалпы қаладағы жол құрылысына бюджеттен 27 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде жаңа жұмыс орны ашылып, жол жөндеу ісіне 2700 жұмыс азамат тартылды.
Қыркүйектің соңына дейін Асқаров, Жангелдин Қапал батыр, Жібек жолы көшелерін жөндеу жұмыстары тәмамдалмақ. Ал, Түркістан көшесінің құрылысы қазан айында аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Айтпақшы, шаһардың басты көшелерінде вело жолақтар салынып жатыр. Бұл «Шымкент байк» жобасы үшін жемісті жұмыс болмақ.