Абай, Шәкәрім рухына тағзым жасауға шымкенттік бір топ делегат жолға шықты. Абай мен Шәкәрімнің туған жері Семей қаласына табан тіреп, мерейтойдың аясында атқарылып жатқан іс-шараларды оңтүстік өңіріне насихаттауға асыққан түрлі сала қызметкерлерін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шығарып салды.
Киелі мекенге аттанғалы тұрған делегацияның арнасында халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған журналистер мен блогерлер, ақын, жазушылар, ғылыми қызметкерлер бар. Серпін қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл сапарға бас аяғы 21 адам жиналған. Салмағы ауыр сапарда санитарлық талап қатаң сақталған.