ШЫМКЕНТ: ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 28 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында  айтылған. Бұл ретте құжатта карантин шектеулерінде бірқатар жеңілдетулер бар.

 Мысалы, демалыс күндері тек азық-түлік емес, ашық ауада жұмыс істейтін киім-кешек базарларына 06.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат енгізіледі.SPA-орталықтарға, сұлулық салондарына, шаштараздарға 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері жұмыс шектеледі.09.00-ден 21.00-ге дейін моншаларға жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері сауналар жұмыс істей алмайды. Қоғамдық көлік жұмыс және сенбі күндері 07.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *