Шымкент қаласында 4 мың жол белгілері орнатылуда. Сонымен қатар 300 шақырым жерге жол таңба сызу жұмыстары қолға алынды. Биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 бағдаршам, 15 белсенді жаяу жүргінші өткелін салу жоспарланып отыр.
«Қазір Шымкент қаласында 12 271 жол белгілері бар. Бүгінгі таңда қажеттілік 20 мың шамасында», дейді Шымкент қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы Шымкент қаласында жаңадан орнатылып жатқан жол белгілері мен таңбаларының жарық қайтару қабілетін тексеріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Шымкент қаласында 16 бағдаршам, 13 белсенді жаяу жүргінші өткелі, 3271 жол белгілері, 250 шақырым жол таңбалары сызылды. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК 486 жол белгілері мен таңбаларының жарық қайтару қабілетін тексерді. Нәтижесінде 355-і жол белгілері талапқа сай, 131-жол белгілері мен таңбалары талапқа сай болмай шықты.
Бұл жөнінде «Ұлттық сапа орталығы» тапсырыс беруші Шымкент қалалық «Жолаушылар көлігі және актомобиль жолдары» басқармасына, Шымкент қаласының Полиция департаментіне ресми хат жолдаған.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі