ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес Департамент жанынан мақсаты
бәсекелестікті дамыту үшін кедергілерді жою болып табылатын Кедергілер жөніндегі кеңес талқылау алаңы құрылды.
Бұл алаң басқа алаңдардан ерекшелегі, егер басқа алаңдардың қорытындылары бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданса, бұл алаңда егер өзекті мәселе кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту үшін кедергі
ретінде айқындалатын болса, онда ол мемлекеттік органдардың, нарық
субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Бұл үшін монополияға қарсы органның хабарлама шығарудан бастап, тергеп-тексеру жүргізумен және әкімшілік жазалар қолданумен, орындалуы міндетті нұсқама шығарумен аяқтай отырып ден қою шарасының барлық мүмкіндіктері көзделген.
Осыған байланысты, Департамент барлық мүдделі тұлғаларды,
кәсіпкерлерді, белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдар мен басқа да
тұлғаларды кедергілерді жоюға және кәсіпкерлік бәсекелестігін дамытуға
белсенді қатысуға шақырады.
Департаменттің мекен-жайы: Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24/1.
Телефоны: 95-58-51.