Бәйдібек би және Арғынбеков қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқын алған. Бүгін жолайырық жұмыстарын аралап шыққан шаһар басшысы аталмыш нысанның көлік қозғалысын реттеудегі маңыздылығын атап, құрылыс жұмыстары сапасын тексерді.
Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.
Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жолайырықтың Арғынбеков көшесі бойында тіреу қабырғаларын орнату және Бәйдібек би даңғылы бойында көпір өткелі конструкциясының негіздері темір-бетонды тірек конструкцияларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізде кетейік, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары аталмыш нысанды 5 рет сапартамадан өткізді. Сараптама барысында 1 кемшілік анықталды. Сондай-ақ 4 жол құрылыс материалдары іріктеліп, оның біреуі нормаға сай болмай шықты. Орын алған кемшіліктер тиісті орындарға жолданды деп хабарлайды «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.