ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІНЕ ОРАЙ ЖАРЫҚ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Абдулабад»  тұрғын алабында «Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС-нің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда. Бұған дейін  Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық маслихатының депутаты Б.Аширбаевтың  Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында  жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты халық тарапынан талап-тілектер айтылған.

Тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, «Базарқақпа»  тұрғын алабында 3 дана, «Тұрдыабад» тұрғын алабында 1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз  етуге оң әсер етуде.

Халыққа қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, Еңбекші ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *